Жаңалықтар

Екібастұзда жылусыз қалған үйлердің саны көбейген

Тағы 28 көпқабатты тұрғынүйде жылумен жабдықталу бұзылған
Екібастұзда жылусыз қалған үйлердің саны көбейген
Фото: pavlodarnews.kz 30.11.2022 02:43 946

Кезекші бригадалар қайта тексеру кезінде жылусыз қалған бірқатар үйлерді анықтады, деп хабарлайды El.kz  Павлодар облыстық әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел штабтың мәлімдеуінше, мамандар бұрын анықталған 25 көпқабатты үйден бөлек, тағы 28 көпқабатты тұрғын үйде жылумен жабдықтаудың бұзылғанын анықтады. Қазіргі уақытта 53 көпқабатты тұрғын үйдің 11-дегі мәселе толығымен жойылып, олар жылумен жабдықтауға қосылған. Сондай-ақ, 90 жеке үйдің ішінен 18 жеке үй жылуға қосылды, - делінген хабарламада.

Қалған үйлер бойынша апатты жою үшін тәулік бойы жұмыс істейтін жөндеу бригадалары ұйымдастырылды.

Жылуды қалпына келтіру жұмыстарымен 256 адам және 43 техника жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта КТК және ЖТҚ ішкі жылыту жүйелерін жылыту және баптау жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға