Жаңалықтар

Эвакуацияланған балалар мектепке оралды

Эвакуацияланған балалар мектепке оралды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 22.04.2024 09:47 323

Солтүстік Қазақстан облысында эвакуацияланған балалар мектепке оралып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

СҚО Соколовка ауылында Ұлытау облысының құтқарушылары СҚО құтқарушыларымен бірлесіп эвакопункттерден көшірілген балаларды мектеп-интернатқа жеткізу бойынша жұмысты ұйымдастырды.

Мектеп-интернатының кірпіші 1963 жылы қаланған. Мектеп-интернатта арнайы бағдарламалар бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін барлық жағдайлар жасалған. Қазіргі таңда мұнда ерекше білім беруді қажет ететін 86 бала тәрбиеленеді, 32 мұғалім жұмыс істейді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға