Жаңалықтар

Камбоджада жетпістен асқан шаруаны қолтырауындар талап тастады

Камбоджада жетпістен асқан шаруаны қолтырауындар талап тастады
Фото: bbc.com 27.05.2023 14:52 528

Камбоджаның солтүстігінде қолтырауын өсіретін фермерді 40-қа жуық бауырымен жорғалаушы талап тастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті полицияның мәліметінше, 72 жастағы Луан Нам жануарлардың бірін торынан шығаруға тырысқанда жыртқыш таяғынан тістеп, ішке кіргізіп алған. Полиция басшысы Мей Саври Франс Пресс агенттігіне басқа қолтырауындар оған өлгенше шабуылдағанын жеткізді. 

Оқиға кеше Сием-Рип қаласының маңында болған. Шаруа Нам мырзаның денесі әбден таланған және оның бір қолынан айырылды. Сондай-ақ, ол елдің қолтырауын өсірушілер қауымдастығының президенті міндетін атқарып келген. 

2019 жылы әлемге әйгілі Ангкор Ват ғибадатханасына жақын орналасқан аудандағы осындай фермада екі жасар қызды қолтырауындар өлтіріп, жеп қойған еді. Жануарлар жұмыртқа, терісі және еті үшін оңтүстік-шығыс Азия елінде өсіріледі.

            
            
            
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға