Жаңалықтар

Мағжан Шамшадин Астанадағы әлемдік Grand Slam-де топ жарды

Мағжан Шамшадин Астанадағы әлемдік Grand Slam-де топ жарды
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы 16.06.2023 20:05 752

Мағжан Шамшадин дзюдодан Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық Мағжан Шамшадин 60 келіге дейін салмақта Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік турнирінің чемпионы атанды.

Бұл спортшымыздың Grand Slam жарыстарындағы алғашқы алтын жүлдесі.

Финалда ол Франция өкілі Седрик Револмен кездесіп, жеңіске жетті

Мағжан Шамшадин алғашқы кездесуінде Әзірбайжан спортшысы Назир Талибовты ұтты. Келесі белдесуінде Мағжан Бахром Ботуровты (Өзбекстан) иппон ұпайымен жеңді, жартылайфиналдық белдесуде Мерзод Суфиевтен (Тәжікстан) басым түсті.

66 келіге дейінгі салмақтың финалында Ғұсман Қырғызбаев бақ сынайтын болады.

Жарыс елордадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде 16-18 маусым күндері өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға