Жаңалықтар

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 50 мыңға жуық қазақстандық несие алған

Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі мәлімдеді
«7-20-25» бағдарламасы бойынша 50 мыңға жуық қазақстандық  несие алған
Фото: egov.kz 29.07.2022 18:43 1339

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 48 906 несие берілді, деп хабарлайды El.kz

«2022 жылғы 28 шілдедегі жағдай бойынша «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында жалпы соммасы 630 млрд теңге болатын 48 906 қарыз берілді. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 17 052 өтінім түсіп, оларға 257,9 млрд теңге несие ұсынылды. Ал, алматылықтардан түскен өтінім саны - 10 040. Осыған сай, оларға 146 млрд қарыз берілді. Тағы 3 220 өтінім Шымкент қаласынан түсті. Оған 38,4 млрд теңге несие бағытталды», - делінген банктің хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға