Жаңалықтар

Алматыда Ескендір Хасанғалиевке ескерткіш тақта орнатылды

Қазақ өнерінің дамуы жолында, ерен еңбек сіңірген Ескендір Хасанғалиев 200-ден астам әннің авторы.
Алматыда Ескендір Хасанғалиевке ескерткіш тақта орнатылды
Фото: music-college.kz 24.09.2022 10:45 1717
Алматыда Қазақстанның халық әртісі, әнші-сазгер Ескендір Хасанғалиевтің құрметіне арналған мемориалдық-ескірткіш тақта ашылды, деп хабарлайды  El.kz "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Белгілі әнші ұзақ жыл бойы Байсейітов көшесіндегі №42 үйде тұрды. Берекелі шаңырақта ұрпағын өсіріп, өнерін өрістетті. "Ескірмеген махаббат", "Айналайын", "Асыл жар" сында лирикалық әндерін осы жерде жазды.

Сазгерді еске алуға арналған іс-шараға замандастары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, өнер адамдары мен ет-жақындары жиналды. Қазақ өнерінің дамуы жолында, ерен еңбек сіңірген Ескендір Хасанғалиев 200-ден астам әннің авторы.

Оның "Атамекен", "Әдемі ау" атты туындылары халық арасында кең тараған. Сазгер былтыр 81 жасында өмірден өтті. Артында мәңгі өшпес, мол мұра қалдырды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға