Жаңалықтар

Қазақстанда пияз бағасы 12 пайызға өскен

Соңғы айда пияз бағасы орта есеппен 11,9%-ға өсті.
Қазақстанда пияз бағасы 12 пайызға өскен
Фото: east-fruit.com 07.08.2022 03:15 1588

Үкіметте азық-түлік бағасын тұрақтандыруға қатысты өткен жиында Премьер-Министр Әлихан Смайылов пияз бағасының өсуін сынға алды, деп хабарлайды El.kz.

Соңғы айда пияз бағасы орта есеппен 11,9%-ға өсті. Бір айда Батыс Қазақстан, Жетісу, Түркістан облыстарында және Алматы қаласында бағаның ең жоғары өсуі тіркелген. 

– Әріптестер, қантпен болған жағдайдың объективті сыртқы себептері болса, пияз бойынша жағдай – жүргізілген жұмыстың шалалығының нәтижесі. Әкімдіктердің барлық мүмкіндіктері болды, олардың қатарында астықты жеткізу бойынша уақытылы келісімшарттар жасасу тетігі бар. Өңір әкімдеріне оны тұрақтандыру қорларын толықтыру үшін белсенді түрде пайдалануды тапсырамын. Осы мәселеде әр жұмысты уақытылы орындау маңызды екенін атап өткім келеді, — деді Әлихан Смайылов.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға