Жаңалықтар

Бір раундта Кеналоны үш рет құлатам деген Жәнібектің келесі қарсыласы анықталды

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) 27 тамыз ресми қаулы шығарды.
Бір раундта Кеналоны үш рет құлатам деген Жәнібектің келесі қарсыласы анықталды
Фото: Chase STEVENS 24.09.2022 04:39 11034

Қазақстанның кәсіпқой боксшысы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) алғаш рет орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын қорғайды, деп хабарлайды EL.KZ.

Boxingscene-ның мәліметіне қарағанда, Әлімханұлы 12 қараша күні Лас-Вегаста (АҚШ) шаршы алаңға шығып, англиялық боксшы Дензел Бентлиге (17-1-1, 14 КО) қарсы жұдырықтасады.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 22 мамырда британиялық Дэнни Дигнумды (14-0-1, 8 КО) екінші раундта нокаутқа түсіріп, WBO нұсқасы бойынша орта салмақта «уақытша» чемпион атанды.

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) 27 тамыз ресми қаулы шығарды, Деметриус Андраденің міндетті жекпе-жектен бас тартуына байланысты, қазақстандық боксшыға «уақытша» чемпионнан орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша толық құқылы әлем чемпионы мәртебесін берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға