Жаңалықтар

«Болашақ» бағдарламасы бойынша құжат қабылдау жалғасып жатыр

Өтінімдер 14 қазанға дейін eGov.kz. мемлекеттік қызметтер порталында қабылданады
«Болашақ» бағдарламасы бойынша құжат қабылдау жалғасып жатыр
Фото: qarmaqshy-tany.kz 30.09.2022 12:49 946

«Болашақ» бағдарламасы бойынша конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжат қабылдау жалғасып жатыр. Бұл туралы El.kz Халықаралық бағдарламалар орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Биыл магистратура мен резидентураға 385 стипендия, докторантураға 60 стипендия, тағылымдама бағдарламасына 110 стипендия бөлінді.
23 мамырда «Болашақ» бағдарламасы бойынша магистратура, докторанутра және резидентураға түсу үшін, 5 қыркүйекте жетекші ЖОО-лар мен ұйымдарда шетелдік тағылымдамадан өтуге құжаттар қабылдау басталған болатын.
Конкурстық іріктеу толығымен онлайн режимде өтеді. Үміткерлерге онлайн платформада жеке кабинет ұсынылады. Онда барлық хабарландыруларды бақылауға, жоспарланған іріктеу турларынан өтуге және нәтижені білуге болады.
Конкурстық іріктеуге кез келген азамат қатыса алады, жас шектеулері жоқ. Өтінім тапсырған кезде оқу, тағылымдамадан өту және кейінгі еңбекпен өтеу мерзімі зейнеткерлік жастан аспауы тиіс.
Айта кетейік, өтінімдер 14 қазанға дейін eGov.kz. мемлекеттік қызметтер порталында қабылданады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға