Жаңалықтар

Еліміз жастары Түркияда волонтерлік оқуына қатысты

Бағдарлама барысында келесі мәселелер талқыланды:
Еліміз жастары Түркияда волонтерлік оқуына қатысты
Фото: дереккөз 11.08.2022 00:38 837

Ыстанбұлда (Түркия Республикасы) Түркі Мемлекеттері Ұйымының аясында I Жастар волонтерлігін оқыту бағдарламасы өтті, деп хабарлайды EL.KZ.

АҚДМ баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, іс-шараға Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан секілді елдердің волонтерлік ұйымдарына, жастар саласына жетекшілік ететін жас волонтерлер мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Бағдарлама барысында келесі мәселелер талқыланды:

  1. ТМҰ еріктілер пулын анықтау;
  2. Волонтерлік, оның ішінде жастар саласындағы құқықтық инфрақұрылымдар;
  3. ТМҰ елдері арасында үйлестіру мен ынтымақтастықты жолға қою және ТМҰ елдерінде волонтерлік мәдениетті дамыту;
  4. Жастардың еріктілік туралы мәліметін арттыру жолдары және т. б.

Сонымен қатар қатысушыларға арналып Түркия Республикасының Жастар және спорт министрлігі түрік Қызыл Жарты Ай офисіне, Ыстанбұл университетіне және т. б. арнайы сапар ұйымдастырды.

Қазақстандық делегация біздің елдегі волонтерлік қызметке қатысты өткізілетін іс-шаралар, қабылданған нормативтік құқықтық актілер және т.б. таныстырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға