Жаңалықтар

Елордада мектептен 197 млн теңге жымқырғандар ұсталды

Олар еден жуушылардың есепшотына артық ақша аударып отырған.
Елордада мектептен 197 млн теңге жымқырғандар ұсталды
Фото: sud.gov.kz 13.08.2022 00:19 888

Елорда мектептерінің бірінде есепші мен шаруашылық қызметкері 7 жыл бойы мемлекет қаражатын жымқырып келген, деп хабарлайды El.kz.

Олар еден жуушылардың есепшотына артық ақша аударып, кейін "қателесіп кетіппіз" деген сылтаумен өздеріне қайтарып алып отырған. Жымқырған ақшаның жалпы сомма - 197 миллион теңге. 

Есепшілер 7 жылға бас бостандығынан айырылды.  

Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ақпаратынша, жыл басынан бері осындай 22 қылмыстық іс тіркеліп, оның 9-ы сотқа жолданған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға