Жаңалықтар

Халалды қалай алуға болады?

Азия, ЕАЭО және ТМД елдерінің кәсіпкерлері өз өнімдерінің ислам стандарттарына сәйкестігін бағалау үшін ҚазСтандарт алаңын пайдалана алады.
Халалды қалай алуға болады?
Фото: ашық дереккөзден 24.09.2022 01:08 1771

Отандық өндірушілер бүгінде елден шықпай-ақ Халал сертификатын ала алады, деп хабарлайды EL.KZ сауда министрлігіне сілтеме жасап.

Ол үшін оларға келесі құжаттар жиынтығымен ҚР СИМ ТРМК ҚазСтандартқа ресми түрде өтінім беру қажет:

  • Өндірістік-технологиялық құжаттар;
  • Өнімді сынау хаттамалары.

Сондай-ақ, Азия, ЕАЭО және ТМД елдерінің кәсіпкерлері өз өнімдерінің ислам стандарттарына сәйкестігін бағалау үшін ҚазСтандарт алаңын пайдалана алады және осылайша Парсы шығанағы елдерінің нарықтарына қолжеткізе алады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің БАӘ-ге сапары аясында Қазақстан БАӘ халықаралық аккредиттеу орталығынан Халал өнімдерін сертификаттауды жүргізуге «ҚазСтандартты» аккредиттеу туралы ресми құжат алғанын естеріңізге сала кетеміз - делінген хабарламада.

Байланыс үшін: 8 (7172) 28 29 42, 8(701) 601 01 91.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға