Жаңалықтар

Мусин Көксу ауруханасындағы PACS жүйесінің жұмысымен танысты

4 жылда осы жүйе арқылы 1 млн 520 мың радиологиялық зерттеулер жасалған.
Мусин Көксу ауруханасындағы PACS жүйесінің жұмысымен танысты
29.07.2022 21:40 1711

Жетісу облысына жасаған жұмыс сапары барысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ауруханада орнатылған жүйеге жоғары баға берді, - деп хабарлайды EL.KZ.

Бұл туралы Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жетісу облысы Көксу аудандық орталық ауруханасына пилоттық жоба ретінде енгізілген орталықтандырылған PACS жүйесі онкологиялық ауруларды ерте кезден анықтауға зор ықпал етіп отыр.

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы мен «WDSOFT» ЖШС компаниясы бірлесіп мемлекеттік-жекеменшік әрістептік аясында іске асырған, ТМД аумағында теңдесі жоқ осы жүйе компьютерлік, магнитті-резонанстық томография, рентгенография, маммография сияқты бірқатар радиологиялық зерттеулерді орталықтандырып, Жетісу және Алматы облыстарының 30 медициналық мекемесінің ақпараттық базасын бір жерге тоғыстырды. Ауруханаға цифрлық жоба енгізілген соңғы 4 жылда осы жүйе арқылы 1 млн 520 мың радиологиялық зерттеулер жасалған. Жүйе өңірдегі радиолог мамандардың жетіспеушілігі мәселесін реттеуге, диагностика сапасын жақсартуға, онкологиялық ауруларды ерте кезден анықтауға, білікті мамандардың ой-пікірлерін қашықтан алуға, ақпаратты жылдам жинақтауға мүмкіндік беріп отыр - делінген баспасөз хабарламасында.

Жасанды интеллектіні пайдалану өкпе мен сүт безінің сырқаттарын ерте анықтауды 20%-тен 82%-ке дейін арттырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға