Жаңалықтар

Павлодар облысының азаматтары мемлекеттік наградалармен марапатталды

Павлодарлықтар елеулі жетістіктері мен Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін марапатталды
Павлодар облысының азаматтары мемлекеттік наградалармен марапатталды
Фото: Ақорда 05.10.2022 17:13 743

Мемлекет басшысы елеулі жетістіктері мен Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін Павлодар өңірінің бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды El.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 4 қазандағы №1031 Жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:

«Парасат» орденімен «Қаныш Сәтпаев атындағы канал» РМК директорының кеңесшісі Леонид Иванович Баталов;

«Құрмет» орденімен «Жоғары спорттық шеберлік мектебі» КМҚК оқытушысы - жаттықтырушысы Азамат Шұғаұлы Мақажанов;

«Құрмет» орденімен «Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМК перинаталдық орталығының бас дәрігері Айман Қайыркенқызы Оспанова;

III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен «Қазақстан алюминийі» АҚ учаске бастығы Еркеблан Хаджи-Мұратұлы Хусаинов;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Қазақстан» РТРК» АҚ меншікті тілшісі Болат Советұлы Аманбаев наградталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға