Жаңалықтар

Президент «Шеврон» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Уиртті қабылдады

Мемлекет басшысы мен Майкл Уирт әлемдік энергетика нарығындағы жағдай туралы пікір алмасты
Президент «Шеврон» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Уиртті қабылдады
Фото: Ақорда 18.08.2022 16:21 881

Қасым-Жомарт Тоқаев «Шеврон» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады, – деп хабаралайды El.kz.

Кездесуде «Шеврон» компаниясының Қазақстанмен алдағы уақыттағы өзара іс-әрекетінің негізгі аспектілері және бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы мен Майкл Уирт әлемдік энергетика нарығындағы жағдай туралы пікір алмасты. Президент «Теңізшевройл» компаниясының қосымша 2,6 миллиард текше метр газды ішкі нарыққа бағыттау туралы шешімін құптады.

Президент «Шеврон» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Уиртті қабылдады

Сондай-ақ «Шеврон» компаниясының мұнай-химия саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысу перспективалары мен Қарашығанақ кен орнының өндіріс қуатын одан әрі кеңейтудің жоспары қарастырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға