Жаңалықтар

Отандық спортшылардың Дэвис кубогындағы қарсыласы анықталды

Іріктеу раунды Испанияның Малага қаласында өтті
Отандық спортшылардың Дэвис кубогындағы қарсыласы анықталды
Фото: ktf.kz 30.11.2022 06:17 659

Испанияның Малага қаласында теннистен әлем чемпионатының іріктеу раундының жеребе тастау рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz Теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Дэвис кубогының ақтық сынына шығу үшін отандастарымыз Чили командасымен бақ сынасады. Матчтар 2023 жылы 4-5 ақпанда өтеді.

Дэвис кубогының іріктеу матчтары үш сеттік форматта төрт жалғыз және бір жұптық кездесуден тұрады.

Жеңіске жеткен 12 команда турнирдің ақтық сынына қатысады. Ол жерде Дэвис кубогының 2022 жылғы финалшылары Канада мен Австралияға, сондай-ақ wild card алған Италия мен Испания құрамасына қосылады.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға