Жаңалықтар

Қатар-2022: Сенегал Эквадордан «плей-оффты» тартып алды

Ойын 2:1 есебімен аяқталды
Қатар-2022: Сенегал Эквадордан «плей-оффты» тартып алды
Фото: twitter/fifaworldcup 30.11.2022 03:05 934

Футболдан әлем чемпионатында Сенегал құрамасы Эквадордан басым түсіп, жеңіп, «плей-оффқа» шықты, деп хабарлайды El.kz.

Нидерланды мен Эквадор құрамаларында әлем чемпионатының 1/8 финалына шығу үшін соңғы турда қарсыластарымен 0:0 есебімен ойын көрсетсе де жеткілікті еді. Ал ойынның келесі кезеңіне өту үшін Сенегалға Эквадорды жеңу міндетті болды.

Ойын нәтижесінде Сенегал Эквадордан 1:0 есебімен басым түсті.  Африкалықтарға жеңіс голын Калиду Кулибали сыйлады.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға