Жаңалықтар

Қазақстан Президентінің Іс басқарушысы тағайындалды

Қазақстан Президентінің Іс басқарушысы тағайындалды
Фото: gov.kz 07.02.2024 18:05 447

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асат Болатұлы Нұрпейісов Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нұрпейісов Асат Болатұлы 1987 жылы 18 шілдеде дүниеге келген. 2010 жылы Прагадағы Нью-Йорк университетін «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, 2012 жылы Еуропалық бизнес мектебін бітірген, MSc Global Banking and Finance «Халықаралық банк ісі және қаржы» магистрі.

Мемлекет басшысының өкімімен Бақыт Үрістемұлы Әбілдинов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға