Жаңалықтар

Қазақстан ұлттық құрамасы Афинаға жетті

Қазақстан ұлттық құрамасы Афинаға жетті
Фото: instagram.com/kff_team 20.03.2024 11:38 620

Футболдан Қазақстан құрамасы 20 наурызға ауған түні Грекия астанасы Афинаға жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан мен Грекия арасындағы кездесу УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф кезеңіндегі жартылай финал аясында 21 наурыз күні өтеді. Матч жеңімпазы финалға жолдама алып, Грузия – Люксембург жұбының қай жеңгенімен жолығады.

Грекиямен ойынға Магомед Адиев шәкірттері толық құрамда жиналды, өкінішке қарай, сары қағаз санына байланысты «Зенит» қорғаушысы Нұралы Әліп алаңда құрамаға көмектесе алмайды. Соған қарамастан Әліп жігіттерге қолдау көрсету үшін Дубайда өткен оқу-жаттығу жиындарына, сонан соң Грекияға барды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Kazakhstan national football team (@kff_team)

Ұлттық құрама 9-19 наурыз аралығында Дубайда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, жолдастық кездесуде Түрікменстанды 2:0 есебімен ұтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға