Жаңалықтар

Қазақстандық сурдотаеквондошы әлем чемпионы атанды

Қазақстандық сурдотаеквондошы әлем чемпионы атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 28.03.2024 11:03 532

Таеквондодан әлем чемпионатында қазақстандық сурдо спортшылар үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бішкекте таеквондодан есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы әлем чемпионатында 54 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Диас Рысбеков алтын медаль, 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Аян Әбдіраш күміс медаль және осы салмақта Мәди Сейсенбаев қола медальді жеңіп алды.

Мен таеквондомен айналысқаныма 9 жыл болды. Бұл менің алғашқы әлем чемпионатым. Қарысыластар өте мықты болды. Жарыста Грекия, Тайбей, Қырғызстан және Өзбекстан спортшыларымен сынға түстім. Финалдық бәсекеде өзбекстандық спортшымен кездесіп, оны 2-1 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атандым. Мен өз жетістігіме өте қуаныштымын, - деді әлем чемпионы Диас Рысбеков.

Айта кетсек, әлем чемпионаты 25-30 наурыз аралығында өтіп жатыр. Жарысқа 13 мемлекеттен 100-ге жуық спортшы қатысуда. Қазақстан құрамасынан 22 спортшы өнер көрсетуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға