Жаңалықтар

Шавкат Рахмонов UFC-де үштікке енді

Шавкат Рахмонов UFC-де үштікке енді
Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94 07.06.2023 10:25 489

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов UFC-де жеңілмеген спортшылардың тізіміне енді, деп хабарлайды Еl.kz ақпараттық агенттігі.

ММА тілшісі Вэл Дьюар жасаған рейтингте 28 жастағы қазақ батыры үшінші сатыда тұр.  

Отандасымыздың алдында швециялық Хамзат Чимаев пен Хабиб Нурмагомедовтің бауыры Умар Нурмагомедов тұр.

Дьюар нұсқасы бойынша UFC-де жеңілмеген топ-8:

  1. Хамзат Чимаев (12-0);
    2. Умар Нурмагомедов (16-0);
    3. Шавкат Рахмонов (17-0);
    4. Илия Топурия (13-0);
    5. Мовсар Евлоев (17-0);
    6. Ян Гарри (12-0);
    7. Бо Никал (4-0);
    8. Мухаммад Мокаев (10-0)

Отандасымыз 17 айқас өткізіп, соның бәрінде жеңіске жеткен. Ал UFC-де барлық бес айқасын өз пайдасына шешті. Жартылай орта салмақтың ресми рейтингінде Рахмонов 6-орында келеді.

Шаукат келесі айқасын тамыз-қыркүйекте өткізеді деп жоспарлап отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға