Жаңалықтар

Тоқаев Иран президентімен сөйлесті

Тоқаев Иран президентімен сөйлесті
Фото: Ақорда 14.04.2023 18:06 1605

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының президенті Ибрахим Раисимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттер бірін бірі қасиетті Рамазан айымен және келе жатқан Ораза айт мерекесімен құттықтады.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Иран қарым-қатынасының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты, соның ішінде көлік, логистика және сауда салаларындағы байланыстарды одан әрі нығайту үшін мүмкіндік мол екенін атап өтті.

Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға