Жаңалықтар

Түркістан облысында бес жасар қыз зорланды

Түркістан облысында бес жасар қыз зорланды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 25.05.2023 10:09 1058

Әлеуметтік желілерде Түркістан облысында ер адам бес жасар қызды зорлады деген ақпарат тараған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Арыс қаласында болған осы жайтқа байланысты полиция тергеу жүргізіп, күдіктіні қолға түсірді.

21 мамырында Арыс АПБ-ға жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түсті. Жергілікті тұрғынның арызы негізінде полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде күдіктіні сол сағатта ұстады. Ол Арыс қаласының тұрғыны болып шықты, - делінген поилция таратқан мәліметте.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынған. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Қыз баламен психологтар жұмыс жүргізген, қазір ол үйінде. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға