Жаңалықтар

Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев Əлем чемпионы атанды

Ол – үстел теннисінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақстандық
Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев Əлем чемпионы атанды
Фото: kazsports.kz 10.12.2022 13:55 1069

Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Тунисте өтіп жатқан жастар арасындағы Əлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі СДД-на сілтеме жасап.    

Қазақстандық 15 жасқа дейінгі аралас жұптық сында мысырлық Хана Годамен бірлесіп, финалда Тьяго Абиодана мен Марии Берзосты (Португалия/Испания) сенімді ұтты. Есеп: 3:0. 

Айта кетейік, Алан мен Хана жартылай финалдағы тартысты ойында жапониялық – Такуми Танимото мен Рин Мендені жеңді. Есеп: 3-2.

Аланның жеңісін тарихи нәтиже деп бағалауға болады. Ол – үстел теннисінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақстандық. Аланның бапкері – Эльмира Əлиева, Хананікі – Исмаил Хишам. Жастар арасындағы Əлем чемпионаты 11 желтоқсанда аяқталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға