Жаңалықтар

Жетісуда өңірлік Азаматтық форум өтті

Жетісуда өңірлік Азаматтық форум өтті
26.05.2023 21:12 890

Талдықорған қаласында Жетісу облысының «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері мен перспективалары» тақырыбында өңірлік Азаматтық форумы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Екі күнге жалғасқан жиын азаматтық қоғам мен мемлекет диалогын дамытудың негізгі алаңдарының бірі болып саналатын Қазақстанның кезекті ХІ Азаматтық форумы аясында ұйымдастырылған.

Жетісуда өңірлік Азаматтық форум өтті

Өңірлік форум жұмысына еліміздің барлық 17 облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, республикалық, облыстық ҮЕҰ-дан, саяси партиялардан, діни бірлестіктер мен бизнес өкілдері, әр түрлі деңгейдегі депутаттар, жалпы 200-ге жуық адам қатысты.

Бірінші күні секциялық отырыстар, семинарлар, Жетісу облысының ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі Кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілді.

Сонымен қатар форумға қатысушылар «OCHAQ тұрақты даму орталығы» ҚБ жұмысымен танысты. Бұл ҮЕҰ, оның қызметі Көксу ауданы Жарлыөзек ауылының экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуге, ауыл тұрғындарын тұрақты даму мүддесінде кешенді қолдауға бағытталған.

Жетісуда өңірлік Азаматтық форум өтті

Форумның екінші күнінде пленарлық отырыс өткізілді. Сондай-ақ секциялық алаңдарымен қатар, пікірталас алаңдары, үздік әлеуметтік жобалар көрмесі мен серіктестік келісімдерге ұласты.

Жетісу облысында бастау алған Өңірлік азаматтық форум жұмысы әрі қарай еліміздің басқа өңірлерде де жалғасын табатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға