Фото: Евгений Шишкин/ Esquire Kazakhstan

Әлемге әйгілі қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітов туған күнін атап өтуде. Осы оқиғаның құрметіне ол Instagram-да бала кезіндегі фотосурет көрсетті.

Танымал қазақстандық фильммейкер Айсұлтан Сейітов 27 жасқа толды. Мерекені режиссер «27-Маусым, 1-бөлім» деген жазуы бар бенто-тортпен атап өтті.

Айсұлтан, сонымен қатар, балалық шақта анасының қолында отырған мұрағаттық фотосуретті көрсетті.

«27 жыл бұрын әлемдегі ең әдемі әйел мені дүниеге әкелді»,

деп жазды Айсұлтан.
Айсұлтан Сейітов бала күнгі суретін көрсетті
Instagram Stories: @aisultan

Айсұлтан Сейітов 1997 жылы 31 қаңтарда Алматыда дүниеге келген. Алғаш рет кейбір қазақстандық әртістерге, соның ішінде Ғалымжан Молданазар мен Ninety One тобына бейнеклиптер түсірген. Өз жұмыстары арқылы танымал бола бастады. Кейінірек Джах Халибтің, Скриптониттің, Иван Дорнның, сондай-ақ MiyaGi мен Эндшпильдің дуэтінің бейнеклиптерінде жұмыс істеді. Осыдан кейін оны шетелдік әртістер байқады, олар да Айсұлтанның өздеріне музыкалық бейнебаяндар түсіргенін қалады. Қазақстандық жігіт американдық рэпер Offset бейнебаянының режиссері болды.


Фото: Евгений Шишкин/ Esquire Kazakhstan

Поделиться: