Димаш Құдайбергеннің бұл әні жапон радиосында шырқалады
Instagram: @kudaibergenov.dimash

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жаңа әні бірінші маусымда Жапонияда радиода шырқалады.

Жаздың бірінші күні жапон радиосының толқындарында More Music бағдарламасының World Music Scene айдарында қазақстандық эстрада жұлдызы Димаш Құдайбергеннің Omir композициясы орындалады, деп хабарлайды орындаушының ресми сайты.

Жапондық радио бағдарламасының жүргізушісі Като Казуджи Димаштың парақшасында айтылғандай, қазақстандық орындаушының жаңа композициясын тыңдап, өз әсерімен бөлісті.

«Бұл әнді тыңдау кезінде мен Димаштың әрі қарай және тек алға жылжуға деген күшті ерік-жігерін сезінемін. Omir-ді бір рет тыңдағаннан кейін, сіз оны қайта-қайта тыңдағыңыз келеді!»

Сондай-ақ, бағдарлама аясында жапондық диджейлер Ерке Есмаханның «Батыр Мәншүк», HammAli & Navai, Jah Khalib «Боже, как завидую» әндерін эфирге шығарады.

24 Мамырда, 29 жасқа толған күнінде Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне жаңа ән мен оның бейнебаянын ұсынды. Оның айтуынша, Omir композициясын Димаш өзінің барлық жанкүйерлеріне арнаған.


Фото: Instagram

Поделиться: