Instagram: aanelyin

Жастар арасында кеңінен танымал отандық әнші Kalifarniya жарымен бірге тағы да саяхатқа аттанды. Жақында ғана қажылықтан оралған жас жұп енді Еуропа елдерін аралап жүр.

Ғашықтардың тағы шетелге ұшып кеткені туралы Instagram желісінен белгілі болды. Әншінің әйелі өз парақшасында Еуропада түскен фото мен видеоларын жариялап, оқырмандарына демалысы қалай өтіп жатқанын көрсеткен. 

Жас жұбайлар алдымен махаббат қаласы Парижге барып, одан кейін Италияға аттанған. Олар Милан қаласының әсем жерлерін аралап, өз әсерлерімен бөлісті.

Kalifarniya-ның келіншегі желіде күйеуімен Италияда түскен видео жариялап, оқырмандарының көңілін көтерген еді.


Фото: Instagram

Поделиться: