Отандық танымал әнші Әли Оқапов Алматыда орын алған жер сілкінісі өміріне қалай әсер еткенін айтты. Өнер иесінің көп нәрсеге деген көзқарасы өзгерген.

Әли Оқапов жер сілкінісі басталған кезде өз үйінде ойланып, болашаққа жоспар құрып отырғанын айтты. 

«Бір күні түнде қылтимада терең ойда отырдым. Болашаққа жоспар құрып, шешімдерім жайлы ойландым. Жетістікке жету, өзімді дамыту жолдарын қарастырып отырғанда жер сілкінісі басталды. Сол кезде өмір сүру оңай болып кеткендей. Барға-шүкір, жоққа-сабыр. Бас аман болсын ең бастысы»,

деп жазды әнші Instagram парақшасында. 

Оқырмандары әншіге қолдау көрсетіп, оның жазбасына түрлі пікір қалдырған. «Шынымен, ең бастысы — өмір», «Өте дұрыс айтасыз. Ең бастысы бәріміз аманбыз. Жоспарларымыздың бәрі уақытша», «Сөздеріңізбен толықтай қосыламын», – деп жазуда желі қолданушылары.


Фото: Instagram

Поделиться: