Мөлдір Әуелбекова
Instagram: moldir.auyelbekova

Әнші Мөлдір Әуелбекова шетелге оқуға кетіп бара жатқанын айтты. Өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында оқырмандарымен күтпеген жаңалықпен бөлісті.

«Ойда жоқта, шет елге оқуға кететін болып шештім. Осыны ойлап, түнімен ұйықтамадым. Оқуға қай елге, қашан кететінімді ертең білетін боласыздар. Әзірше Астанадан Алматыға ұштым»,

деп жазды әнші. 

Кейінірек Әуелбекова оқуға Дубайға бара жатқанын айтты. «Қанша адам жазып, хабарласып жатыр. «Қанша жылға кетіп бара жатырсың?» деп сұрауда. Жылдап кететін оқу емес. Еліміздегі мамандардың Дубайда өтетін 8 күндік оқуы ғой», – деді Әуелбекова.

Сонымен қатар, әнші Дубайға ұлымен бірге барғысы келетінін жазды. «Баламды да апарғым келді. Бірақ, балама арналған бағдарлама жоқ екен», – деді Мөлдір Әуелбекова.


Фото: Instagram

Поделиться: