Анаңыздың гардеробынан сәнді киім 

Саналы тұтынудың жаңа әлемінде маусымның мега хиттерін анаңыздың гардеробынан немесе винтаждық дүкендерден іздеу керек болады


Бантигі бар жібек жейделер

1970-ші жылдары бантигі бар жібек жейделер керемет танымал болды. Сіз, әрине, сол онжылдықтың сәнін жаңа Gucci немесе Celine топтамаларының модельдерімен қайталай аласыз немесе 1970-ші жылдардағы винтаждық дүкендерден түпнұсқа үлгілерді іздеуге тырысуға болады.

«Шаңғы» сыдырма жемпір

Бір жағынан, сыдырма жемпір Prada, Acne Studios, Isabel Marant және басқа да біз құрметтейтін брендтердің жаңа топтамаларында бар. Екінші жағынан, біздің елде өскендер үшін бұл нәрсе 1990-шы жылдарды, отбасылық саяжайларды, және біздің әкелеріміз бен аға-інілеріміздің ұқсас жемпір кигендерін есімізге түсіреді. Сол кездегі киген жемпірді тауып алып, ашық түсті шалбармен немесе әдемі көйлектердің үстінен үйлестіріп кисеңіз болады. 

Тоқылған юбкалар

Жүннен жасалған киімдер- қыста біздің құтқарушымыз. Тоқылған костюмдер Victoria Beckham, Balenciaga және Vika Gazinskaya-ның күзгі-қысқы коллекцияларында кездеседі. Олар 1980-ші жылдары аналарымыз киген юбка жиынтықтарына ұқсайды, винтаждық дүкендерден табуға болады. 

Басы төртбұрыш аяқ киім

2000-шы жылдары бас жағы төртбұрышты аяқ киімдер өте танымал болды. Bottega Veneta және by Far топтамасының модельдері, әрине, әдемі — бірақ анаңыздың гардеробынан тауып алсаңыз одан да керемет. 

Багет сөмкелері

Багет сөмкелері қазіргі таңда танымалдылыққа ие. Винтаждық модельдер жаңаларына қарағанда қызықты болады, ал «багеттер» қатаң костюмдермен, тіпті джинсы мен жемпірмен жақсы үйлеседі. Кез келген киімнің сәнін келтірері анық. 


Фото: Unsplash

Поделиться: