КешYOU Элизат Берікова

Қазақстандық әнші Элизат Берікова бұрынғы күйеуі жайлы айтып, оқырмандарынан кеңес сұрады.

Өзінің мәселесімен әнші Instagram парақшасында бөлісті. Элизат бұрынғы күйеуінің жауапкершілігі жоқ екенін айтты және осындай ұяты жоқ әкелер қалай тыныш ұйықтайтынын түсінбей қынжылуда. 

«Ұлым әкесіне хабарласуымды сұрады, мен оған не деп хабарласамын? Балаларының бар екенін есіне түсіру үшін бе? Жауапкершілігі жоқ адамға не айта аламын? Ал балаларға қалай түсіндіруге болады? Олар әкесін жақсы көреді. Не істесе болады? Жүрегім ауырады»,

дейді әнші. 

Элизаттың айтуынша, бұрынғы күйеуі балаларына мүлде көмектеспейді, балабақшаға да төлемейді, киімдерін де алып бермейді.


Фото: Instagram: @elizaberikova007

Поделиться: