Vampire Lips – Хэллоуинға арналған ең сәнді макияж түрі

Танымал ерін макияжына тек екі өнім ғана қажет – олар сіздің сөмкеңізде міндетті түрде бар.

Хэллоуин макияжы тек жалған қан, лайнермен боялған өрмекшілер ғана емес. Классиканы ұнататындар үшін тағы бір макияж нұсқасы бар — және ол қазір TikTok-та трендте. Желіде  #vampirelips хэштег-і 5,6 миллион қаралым жинаған.

@hudabeauty Easy #halloween lips #vampirelips #easyhalloweenmakeup #simplehalloweenmakeup #foryou #hudabeauty IB: @bexcxmpbell @hayleybuix @Huda Beauty ♬ original sound — Huda Beauty

Оны қайталау үшін сізге қара лайнер, қызыл ерін далабы және ерін жылтыратқышы қажет (жылтырсыз да болады). Осы нұсқаулықты орындаңыз:

  1. Қара көз қарындашымен ерніңізді контур бойымен бояңыз;
  2. Еріннің ортасына қызыл ерін далабын жағыңыз. Сіз қара контурмен және қызыл түсті далапты қалдыра аласыз немесе омбре әсерін жасай аласыз — мұнда сіздің талғамыңызға байланысты;
  3. Жылтырап тұрғанды қаласаңыз, ерін жылтыратқышын қолдансаңыз болады. Егер сіз күңгірт ерінді ұнатсаңыз, бәрін сол күйінде қалдырыңыз.

Фото: Instagram/ @kyliejenner

Поделиться: