Жарқынай Ханайым ата-анасының арманын орындады
Instagram: @jarkynaixanaiym

«Рауза» сериалы бойынша танымал қазақстандық актриса және әнші Жарқынай Ханайым әлеуметтік желідегі оқырмандарына Астанадан  үй сатып алғанын айтты. 

Жарқынай өзінің қуанышын оқырмандарымен бөлісуге асықты. 

«Құттықтасаңыздар болады. Әке-шешем қалаған жер үй. Аяқ-астынан алған инвестициямыз. Айлана екеуміз ремонтпен айналысамыз енді. Көмекшім. Жер үй аңсап жүргендерге жұғысты болсын!»

деп бөлісті Жарқынай.

Оқырмандары әлеуметтік желіде құттықтау сөздерін жаудыруда.

Еске сала кетейік, актриса 2021 жылдың күзінде ажырасты деп оқырмандары күдіктенген болатын. Кейін Астанаға көшіп келген Жарқынай Ханайым жеке өмірі туралы айтып берді.


Фото: Instagram

Поделиться: