Азаматтық авиация комитеті (ОАК) Мәскеуден Алматыға ұшатын рейстерге билет бағасының қымбаттауы туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

Мәскеу-Алматы бағытында әуебилет құны 8 миллион теңгеден асты

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Мәскеу – Алматы бағытындағы әуе билеттерінің қымбаттағаны туралы ақпарат тараған болатын. 22 және 23 қыркүйекте бір жолаушыға билет құны сәйкесінше 7,8 миллион және 8,2 миллион теңгені құрайтыны туралы ақпарат пайдаланушыларды таң қалдырды.

Жауап ретінде Азаматтық авиация комитеті таратылған ақпаратта билеттер құны Мәскеу – Дубай (Emirates Airlines) және Дубай – Алматы (Эйр Астана әуе жолдары) бағыттары бойынша Дубай арқылы транзиттік рейсті ескере отырып көрсетілгенін хабарлады.

«Қазақстандық әуе компанияларының Мәскеу-Алматы және Дубай-Алматы бағыттары бойынша тікелей рейстерінде тарифтер өзгерген жоқ.

Мысалы, 2022 жылғы 21 қыркүйектегі сағат 18:00 жағдай бойынша:

Қазақстандық SCAT әуе компаниясының Мәскеу (Внуково) – Алматы бағыты бойынша 2022 жылғы 24 қыркүйектегі рейсіне билет құны 253 688 теңгені және 29 қыркүйекте 208 078 теңгені құрайды.
«Эйр Астана» қазақстандық әуе компаниясының 2022 жылғы 22 қыркүйектегі Дубай-Алматы бағыты бойынша рейсіне билет құны 334 146 теңгені құрайды», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, ресейлік БАҚ әуе компаниялары Мәскеуден көршілес елдерге тікелей ұшатын рейстерге билеттер қалмағанын хабарлаған болатын.

Поделиться: