×

ТМД-да ең көп бала туу Өзбекстанда тіркелді

1 қаңтар күнгі дерекке қарағанда, 905 200 сәби дүниеге келген

 Дастан Жұмабекұлы 06.10.2022 | 17:48
фото: ашық дереккөз

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің арасында ең көп бала туу Өзбекстанда тіркелді. Бұл ел бала туу көрсеткіші бойынша көш бастап келеді.

Өзбекстанның Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметіне қарағанда, 2021 жылы Өзбекстан  Республикасы туу көрсеткіші бойынша ТМД елдерінің 1000 тұрақты тұрғынына шаққанда  25,9 болды. 

Одан кейінгі кезекте Қазақстан мен Қырғызстан елдері орналасқан. Ондағы туу көрсеткіші сәйкесінше 23,5 және 22,4 екені белгілі болды.

Бұл көрсеткіш ТМД елдері арасында мынадай деңгейде:

  • Армения – 12,4;
  • Әзірбайжан – 11,2;
  • Молдова – 11,2;
  • Ресей – 9,6;
  • Украина – 7,3.

2022 жылғы 1 қаңтар күнгі дерекке қарағанда, Өзбекстанда 905 200 бала дүниеге келген. 

«2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша елімізде 203,7 мың бала дүниеге келді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 13,4% болды», –  деп хабарлады Өзбекстанның Мемлекеттік статистика комитеті.

Ведомствоның мәліметінше, өз кезегінде 905 211 сәби дүниеге келген 2021 жыл ел тарихындағы рекордтық жыл болды. Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде Өзбекстанда бала туу көрсеткіші төрттен бір есеге өсті.

«Өзбекстанда 2021 жылы туғандар саны 1991 жылмен салыстырғанда 25,1%-ға өсті», –  деп атап өтті Мемлекеттік статистика комитетінен.

Еске сала кетейік, 1 сәуірдегі жағдай бойынша Өзбекстан тұрғындарының саны 35,4 миллион адамға жеткен. Жыл басынан бері халық санының өсу қарқыны 0,5 пайызға артты.

Сонымен қатар халық саны күн сайын орта есеппен 1,8 мың адамға артып келеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама