×

«Әжені таптап кете жаздады»: Екібастұздағы дүрбелеңнің видеосы тарады

Сабырлы болуды сұрадым, бірақ нәтиже болмады, тарату мүмкін болмады, дейді кәсіпкер 

 Халық үні 30.11.2022 | 19:38
Фото Tengrinews.kz

Екібастұзда жылытқыштарды тегін тарату кезіндегі дүрбелең видеоға түсірілді. Тұрғындар қыстырылып, қарт әйелді таптап кете жаздаған, деп хабарлайды tengrinews.kz. 

Бұл туралы Instagram желісінде павлодарлық кәсіпкер айтып берді. Ол қазақстандықтардың ақшасына 106 жылытқыш сатып алып, оны пәтерінде тоңып жатқан тұрғындарға тарату үшін Екібастұзға келгенін айтты.

Тегін жылытқышты алып қалуға тырысқан жұртты оқиға куәгерлері видеоға түсіріп алған. Instagram-да оқиғаның видеосы жарияланды.

Сабырлы болуды сұрадым, бірақ нәтиже болмады, тарату мүмкін болмады. Бұған біз кінәлі емеспіз. Адамдар дүрбелең туғызды. Бір әжені шығарып алдым, таптап кете жаздады, - деді кәсіпкер.

Ол дүрбелең тудырғаны үшін кешірім де сұрады. Ер адам жылытқыштарды тегін тарататынын алдын ала хабарлағанын, бірақ мұндай жағдай болады деп ойламағанын айтты.

Екібастұзда дүрбелең туғызғанымыз үшін кешірім сұраймын. Қоршау орнатып, ешкімнің зардап шегуіне жол бермеген полиция қызметкерлеріне алғыс айтамыз. Адам көп болды, - деді кәсіпкер.

Айта кетейік, қалада жылумен қамтуғы байланысты төтенше жағдай әлі алынған жоқ. Кеше түннен бері Екібастұзда вице-премьер Серік Жұманғарин мен төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жүр.

Еске сала кетейік, екі тәулік бойы апат салдарынан бірнеше көпқабатты және жеке тұрғын үй, бірқатар әлеуметтік нысандар жылусыз қалып, 123 тұрғын, оның ішінде балалар да эвакуацияланған болатын. Білім беру нысандары қашықтықтан оқыту форматына көшті, балабақшалардың жұмысы тоқтатылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама