×

Ақтауда 11 жастағы мектеп оқушысы әлі табылмай жатыр

Нұрислам Мамбеков 4 желтоқсанда жоғалып кеткен 

 Дастан Жұмабекұлы 06.12.2022 | 10:38
фото: lada.kz

Ақтауда Lider.kz қозғалысының еріктілері мен полицейлер жоғалып кеткен 11 жастағы Нұрислам Мамбековты іздестіріп жатыр. Бұл туралы lada.kz хабарлады.

Порталдың жазуынша, оқушы 4 желтоқсанда жоғалып кеткен. Сол күні ол сағат 16:35-те «Ақтау» сауда ойын-сауық орталығынан шығып, үйге қайтып келмеген.

«Нұрислам – орта денелі, бойы – 150-155 сантиметр. Оның шашы қара, көзі қоңыр. Бетінде меңі бар. Қаракөк түсті күрте, көк бас киім, бүйірінде ақ жолағы бар қара шалбар киген. Жоғалған бала туралы мәлімет білетіндерден +7(700) 499-72-92, +7(700) 729-20-12 немесе 102 телефон номеріне хабарласуды сұраймыз», –  делінген материалда.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама