×

Апта соңына дейін Екібастұздағы барлық үйге жылу беріледі - Жұманғарин

Вице-премьер Екібастұздағы жағдай реттелген соң кінәлілердің аты аталып, олар осы ісі үшін өкінетінін жеткізді

 Халық үні 06.12.2022 | 13:21
фото: Үкімет баспасөз қызметі

Вице-премьер – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин апта соңына дейін Екібастұздағы барлық үйге жылу берілетінін айтты.

Екібастұздағы қазіргі мәселе – жылу өшірілгенде ақпай қалған сулар құбырда қатып қалған. Батареялар жарыла бастаған.

«Жылу үйлерге жетті, жылу желілеріне қатысты мәселелер шешілді. Ендігі мәселе тұрғын үйлердің ішінде. Қазір оқиға орнында жүргендер батареяларды, көтергіштерді, ішкі жылыту жүйелерін ауыстыруға бар күшін салып жатыр. Сондықтан бұл мәселе алдағы екі күнде шешіледі деп ойлаймын», - деді вице-премьер.

Серік Жұманғарин Екібастұздағы жағдай реттелген соң кінәлілердің аты аталып, олар осы ісі үшін өкінетінін жеткізді.

«Алдымен мәселені толық шешіп, жылуды барлық пәтерге жеткізу керек, батареяларды жөндеу керек. Содан кейін ғана кінәлілер аталады, кінәлілер өкінеді деп ойлаймын», - деді вице-премьер.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама