×

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты тағы бір дерек шықты

Нигерия өз елінің азаматын экстрадициялауға асықпай отыр

 Дастан Жұмабекұлы 09.12.2022 | 16:54
фото: ашық дереккөз

Бас прокуратура Нигерия елінің Ақжарқын Тұрлыбай ісі бойынша күдіктіні әзірше экстрадицияламағанын хабарлады.

Нигерия азаматы есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыс жасағаны үшін іздеуде болып, 20 маусымда осы қылмысқа қатысы бар деген күдікті Адиндо Нонсо Фортун ұсталған болатын. Алайда содан бері 6 айға жуық уақыт өтсе де Бас прокуратура Нигерияның өз азаматын экстрадициялауға асықпай жатқанын мәлімдеді.

Адиндо Н.Ф. есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыс жасағаны үшін Алматы қалалық полиция департаментімен іздеуде болған. Ол 20 маусымда Нигерияда ұсталды. Қазір оны қамауда ұстау және Қазақстанға одан әрі экстрадициялау туралы одан әрі процессуалдық шешім қабылдау мақсатында қажетті материалдар Нигерия ҰОБ-на жолданды. Бұл істі Нигерия тарапы қарастырып жатыр, –  делінген хабарламада.

Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Қытайдың Гуанжоу әуежайында ұсталған еді. Кейін оны өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы соттың шешімі шыққан болатын. Біраз уақыттан кейін сот үкімі жойылып, іс қайта қарауға жолданған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама