×

Сайлау – 2023: ел бойынша қанша адамның дауыс беруге барғаны хабарланды

Cайлаушылардың 54,19 пайызы бюллетень алды

 Айгерім Таубай 19.03.2023 | 22:17
Фото: Halyq Uni

Орталық сайлау комиссиясы таратқан алдын ала ақпарат бойынша 6 521 860 адам дауыс беруге барды.

Сағат 22:00-дегі ақпаратқа сәйкес, сайлауда азаматтардың дауыс беру нәтижесі төмендегідей:

  • Абай облысы – 57,02%
  • Ақмола облысы – 60,01%
  • Ақтөбе облысы – 58%
  • Алматы облысы – 60,03%
  • Атырау облысы – 51,23%
  • Батыс Қазақстан облысы – 59,20%
  • Жамбыл облысы – 65,21%
  • Жетісу облысы – 55,32%
  • Қарағанды облысы – 59,48%
  • Қостанай облысы – 65,10%
  • Қызылорда облысы – 67,21%
  • Маңғыстау облысы – 54,10%
  • Павлодар облысы – 58,68%
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 65,25%
  • Түркістан облысы – 53,01%
  • Ұлытау облысы – 58,99%
  • Шығыс Қазақстан облысы – 64,15%
  • Астана қаласы – 42,91%
  • Алматы қаласы – 25,82%
  • Шымкент қаласы – 45,46%.

22:00-дегі ақпарат бойынша ел бойынша 6 521 860 адам дауыс беруге барды. Бұл сайлаушылардың 54,19 пайызын құрайды.

Нақтыланған деректерге сәйкес, Қазақстанда 12 млн 35 мың 4 адамның дауыс беруге құқығы бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама