×

Қызылорда облысында балықшы суға батып кетті

61 жастағы ер адамның денесін жергілікті тұрғындар алып шыққан

 Динара Амантай 25.03.2023 | 18:13
Фото: pxhere.com

Қармақшы ауданында балықшы қайығы аударылып, суға батып кетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше сағат 00-ден 25 минут өткенде Қызылорда облысы ТЖД Дағдарыс жағдайында басқару басқармасына төмендегіше хабарлама түскен. Ол бойынша, сол күні Қармақшы ауданы, Қуаңдария ауылындағы «Жеті көл» көліне 1962 жылы туған азамат балық аулауға барған. Аулау кезінде оның ағаш қайығы аударылып, салдарынан суға батып кеткен. Сағат 23-тен 11 минут өткенде оның денесін жергілікті тұрғындар өз күшімен судан шығарған.

Оқиға орнына ТЖД-ның 1 қызметкері мен 1 техника, аудандық полиция бөлімінен 5 қызметкер мен 1 техника жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама