×

Биыл елімізде 172 мың оқушы мектеп бітіреді

6,8 мың оқушы «Алтын белгіге» үміткер

 Дәурен Ерболат 25.05.2023 | 11:50
фото: tengrinews.kz

Елімізде 172 мың түлек мектеп бітіреді. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Еске сала кетсек, биыл Қазақстанда оқу жылы 36 аптаға дейін ұзартылған еді.

Осыған сәйкес оқу жылы 31 мамырда аяқталады. Егер әлемдік тәжірибеге назар аударсақ, ОЭСР елдерінде оқу жылы 40 аптадан тұрады. Әлемде оқушылар жазғы каникулда тек 77 күн, ал қазақстандық оқушылар 13 апта немесе 90 күн демалады, - деді министр.

Ғани Бейсембаевтың айтуынша, 2023 жылы жалпы 3,7 млн-нан аса оқушы мектеп бітіреді. 

«11-сыныпты 172 мың түлек бітіреді. Оның ішінде «Алтын белгіге» үміткерлер саны – 6,8 мың. Оқу жылының аяқталуы 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орайластырылған. Аттестаттарды салтанатты табыстау 20-22 маусым аралығында өтеді. Қорытынды емтихандар 9-сыныпта 4 пәннен 2-13 маусым аралығында, ал 11-сынып түлектері үшін 5 пәннен 5-19 аралығында өтеді», - деді ведомство басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама