×

Астана әкімі қаладағы су тапшылығы мәселесі қашан шешілетінін айтты

2 жыл бұрын әкімдік екі жаңа нысанның құрылысын бастаған

 Халық үні 07.06.2023 | 09:15
Фото: inform.kz

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қаладағы су тапшылығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Әкімнің айтуынша, қазір тәулігіне 25 мың кубометр су жетіспейді.

Қаламыз күн санап өсіп жатыр. Жылына кем дегенде 60-70 мың жаңа тұрғын қосылады, ал соңғы 3 жылдың ішінде қаламызда тұратын азаматтардың саны 200 мың адамға артты. Келесі мәселе – соңғы айда суару жұмысы басталып кетті. Өткен аптада болған +30 градустан асатын аптап ыстық осы аптада да жалғасады деп болжанып отыр, - деді Жеңіс Қасымбек.

Айтуынша, 2 жыл бұрын әкімдік екі жаңа нысанның құрылысын бастаған. Бірінші нысан – сорғы станциясы.

Бұл нысанның құрылысы осы айдың соңына дейін толығымен бітеді және қалаға қажетті күніне 25 мың кубометр су берілетін болады, - деді елорда әкімі.

Екінші нысан – Астана су қоймасынан қалаға келетін су құбыры. Жеңіс Қасымбек бұл нысанның құрылысы аяқталып қалғанын хабарлады.

Келесі аптада толығымен құрылыс жұмысы бітеді және қалаға қажетті су беріледі, - дейді ол.

Осылайша, бір айдың ішінде су тапшылығы мәселесі толығымен шешіледі. Ал тамызда сорғы станциясының екінші кезеңінің құрылысы бітеді. Сол арқылы қалаға күніне қосымша 85 мың кубометр су берілу мүмкіндігі пайда болады. Бұл алдағы 3-4 жылға жеткілікті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама