×

Ақтөбе облысында жол апатынан 2 жүргізуші қаза тапты

Тағы 3 адам ауруханаға жеткізілді

 Динара Амантай 11.07.2023 | 17:09
Фото: gov.kz

Ақтөбе облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін сағат 12:30-да Ақтөбе – Орынбор автожолының 20-шақырымында ВАЗ-2111 және ВАЗ-2115 автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан болған.

Жол апатынан екі көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, 3 жолаушы жедел түрде ауруханаға жеткізілді, – деді Ақтөбе облысы ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Артур Абдрешов.

ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама