×

40 градус ыстық: синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады

Оңтүстік өңірлерде қатты ыстық болып, шаңды дауыл соғады

 Дәурен Ерболат 24.06.2022 | 12:59
Фото: Tengrinews.kz

Биыл 25-27 маусымда Қазақстанда жаңбыр жуып, қатты жел соғып, ыстық болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Демалыс күндері еліміздің басым аумағында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, қатты жел соғады, әрі бұршақ жауады.

Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында бұлт сейіліп, жаңбыр тоқтайды, ал оңтүстікте шаңды дауыл соғады.

Күндіз батыста +25 градустан +35 градусқа дейін, солтүстікте +25 градустан +33 градусқа дейін, орталықта +30 градустан +37 градусқа дейін, шығыста +27 градустан +37 градусқа дейін, оңтүстікте ауа температурасы +40 градустан +45 градусқа дейін жоғарылап, қатты ыстық болады.

25 маусымда Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады. Күндіз +35 градус, түнде +22 градус жылы, ал жексенбіде күндіз +32, түнде +22 градус.

Ертең Алматыда найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Күндіз +33, түнде +22 градус жылы. 26 маусымда өткінші жауын жауады, күндіз +37, түнде +22 градус.

25 маусымда Шымкентте күндіз +39, түнде +20, ал жексенбіде +40, түнде +22 градус болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама