×

Шымкентте жаппай төбелес болды (ВИДЕО)

Видеода адамдардың бір-біріе аяусыз ұрып жатқандары бейнеленген

 Халық үні 16.08.2022 | 21:52
фото: egemen.kz

Шымкент қаласындағы Қабанбай батыр даңғылында бір топ жастың егде жастағы адамдармен төбелесіп, оларды ұрып-соққан сәтінен видео тарады. 

Видеода ер адамдардың бір-бірін жерге итеріп, құлатып, кейін аяусыз ұрып жатқаны анық байқалады. 

«Әл-Фараби аудандық полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 293 бабы бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаға қатысы бар бір азамат полицияға жеткізілді. Қалған адамдарды ұстау шаралары жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда», - деді Шымкент қаласының полиция департаменті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама