×

«Нұрлы жер»: ақтөбеліктер айналдырған 3 қабатты үйге 3 жылдан бері кіре алмай жүр

Бюджеттен ол үйге 500 млн теңгеден аса ақша бөлінген

 Еркеғали Болатұлы 18.08.2022 | 14:00
фото: ашық дереккөз

Ақтөбеде небәрі 50 пәтерлі, үш қабатты үйден мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алғандар 3 жылдан бері жаңа қонысына кіре алмай жүр. Құрылыс компаниясы үйдің сыртын бүтіндегенмен, ішкі жұмыстарын бітірмепті деп хабарлады КТК телеарнасы.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған ол үйдің құрылысы 2019 жылы бітіуге тиіс болған. Алайда мердігер компания құрылыс материалы қымбаттап кеткенін айтып, жұмысты аяқтамай қойған.

Мемлекеттік бағдарламамен салынған үйдің құрылысын қадағалауға жергілікті әкімдік жауапты. Бірақ ондағылардың өзі үйдің қолданысқа нақты қашан берілетінін білмейді.

Бәрі қаржыға келіп тіреледі. Қазір жобалаушы компанияларды тартып, сараптама жүргізіп, құрылыс жұмысын тексеріп жатырмыз. Қанша ақша жетпей тұрғанын анықтаймыз. Дегенмен тұрғын үйдегі құрылыстың 95 пайызы дайын, - дейді қалалық құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Жантөрин.

Жалпы, бюджеттен ол үйге 500 млн теңгеден аса ақша бөлінген. Енді ішіндегі есік-терезесін бүтіндеп, су құбырларын реттеуге тағы қанша қаржы кететіні белгісіз. Ал тұрғындардың шыдай тұрудан басқа амалы жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама