×

Атырау облысында алаяқ 40 тұрғыннан 40 млн теңге алып кеткен

Аталған қылмысқа 35 жастағы Қарағанды облысы тумасының қатысы бары анықталды

 Динара Амантай 18.08.2022 | 17:21
Фото: azh.kz

Атырау облысында тұрғындарды 40 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі Polisia.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Атыраулық тұрғын 400 мың теңгесін алаяқтар иемденіп алғаны жөнінде полицияға арызданған. Аталған қылмысқа 35 жастағы Қарағанды облысы тумасының қатысы бары анықталды. Ол екінші дәрежелі банктер арқылы тауарлық несиелер алып беремін деп адамдардың сеніміне кіріп, қаражатты қалтасына басып отырған.

Күдіктінің бұдан өзге Атырау облысының 40 тұрғынын алдап, 40 млн теңгеге жуық залал келтіргені анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен «Алаяқтық» бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Күдікті Алматы қаласында ұсталып ҚР ҚПК-нің 128-бабына (Ұстап алу негіздері) сәйкес, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама