×

Полицейлер 40 млн теңге бопсалаған күдіктілерді ұстады

«Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» деген міне, осы

 Дастан Жұмабекұлы 27.09.2022 | 10:42
фото: polisia.kz

Астана қаласының полицейлері 40 млн теңге бопсалаған күдіктілерді ұстады.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, полиция департаментіне 31 жастағы қала тұрғыны бопсалау фактісі бойынша арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, ЖШС-нің қаржы директоры мен еншілес компаниясының атқарушы директоры қорқыту және интимдік жазбаларды жариялаймын деп одан 40 млн теңге көлемінде ақша бопсалаған.

Күдіктілер 15 млн теңгеден астам ақшаны алып, қалған соманы алу үшін бопсалауды жалғастырған. Күдіктілер қылмыс үстінде ұсталып, олардан 2 млн теңге тәркіленді.

Қазір күдіктілердің үстінен қылмыстық іс қозғалайын деп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама